қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
17.09.2025

 2025-2026 оқу жылына арналған оқу ақысына жеңілдік алуға өтінім қабылдау басталды


Білім алушыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 2025 жылдың 15 қыркүйегінен 10 қазанына дейін оқу ақысына жеңілдіктер беру бойынша өтінімдер қабылданады. Ережеге сәйкес ақылы негізде оқитын студенттердің оқу ақысына 10%-дан 100 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылады.
QR-кодты сканерлеу арқылы толық ақпаратпен таныса аласыз.

 

  alt=  

Ескерту: 1. 2025-2026 оқу жылының оқу ақысына жеңілдік алуға өтінім қабылдау басталды.

Өтінім қабылдау мерзімі 15 қыркүйектен 10 қазанға дейін.

2. QR-кодты сканерлеу арқылы әлеуметтік жеңілдікке өтініш қабылдауға арналған цифрлық жүйеге өтіп өтініш білдіреді.

3. Бір студент форманы тек бір рет қана тапсыра алады.

4. Бір электронды поштадан бірнеше тұлғаның өтініші қабылданбайды.

5. Барлық қажетті құжаттарды бір файлмен PDF форматта сканерлеп жіберуіңізді сұраймыз. Қате файл жіберсеңіз, құжатыңыз қабылданбайтынын ескертеміз!

6. Барлық сұрақтар бойынша факультет декандарының Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен Әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімге жүгіне аласыз. Байланыс: +7 700 586 82 09 +7 747 010 05 89 Мекенжайы: Достық даңғылы 13, 5 қабат, №503 кабинет.

 

  alt=