
 
|  Главная /
Объявления 
13.09.2024 «Оқылым мен жазылым процестерін деңгейлік оқыту әдістемесі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы 2024 жылдың 23 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті және «Латын» ғылыми-практикалық зертханасының ұйымдастыруымен «Оқылым мен жазылым процестерін деңгейлік оқыту әдістемесі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Республикалық конференция ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Деңгейлік парадигмалар әдіснамасы: оқылым мен жазылым» атты гранттық жобасы (№АР14869424) негізінде ұйымдастырылмақ. 
 Өтетін күні мен уақыты: 23 қазан 2024 жыл, сағат 11.00. 
 Мекенжай: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы,13. Филология факультетінің қазақ тілі теориясы және оны оқыту әдістемесі кафедрасы, 423-кабинет; «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы, Жамбыл көшесі, 25. 
 Жауапты тұлғалар: 
 Қоқанова Жарқынай Атайқызы, тел. +7707 8272785 Иманқұлова Меруерт Амантайқызы, тел. +77079291058 Қырықбаев Алмас Бағдатұлы, тел. +77753698209 
 Баяндама мәтіні жіберілетін эл. почта: zharka75@mail.ru |