Абай атындағы ҚазҰПУ-не бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларына оқуға түсу үшін қажетті құжаттардың тізімі
Құрметті талапкерлер!
Сізге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларына оқуға түсу үшін қажетті құжаттардың тізімін ұсынамыз.
Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі (Бакалавриат):
1) Жоғары оқу орны басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
3) Жеке басын куәландыратын құжат және оның көшірмесі;
4) 3x4 электронды jpg форматындағы алты фотосурет;
5) ҚР ДСМ №175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық нұсқадағы 075/у нысанындағы медициналық анықтама, флюорография суреті;
6) ҰБТ сертификаты;
7) Педагогикалық емтихан қорытындысы (арнайы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогика ғылымдары» білім беру бағыттары бойынша білім бағдарламалар тобына (ББТ) түсушілер үшін);
8) Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (бар болса);
9) Әскери міндеттілер үшін тіркеу куәлігінің көшірмесі;
10) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
Магистратураға түсуші тұлғалардың тапсыратын құжаттар тізімі:
1) жоғары оқу орныны басшысының атына еркін түрде өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
6) шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат.
Ағылшын тілін меңгеру бойынша:
(IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде - 6.0;
(TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде - 60;
неміс тілін меңгеру бойынша:
(DSH) (ДЙСИЭИЧ) - В2 деңгейі;
(TDF) (ТЙДИЭФ) - В2 деңгейі.
Француз тілін меңгеру бойынша:
(TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес;
(DELF) (ДЭЛФ) - В2 деңгейінен төмен емес;
(DALF) (ДАЛФ) - В2 деңгейінен төмен емес;
(TCF) (ТСФ) - В2 деңгейінен төмен емес;
7) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Осы тармақтың 3), 6) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары қайтарылады.
Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
5) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат.
Ағылшын тілін меңгеру бойынша:
(IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде - 5.0;
(TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде - 35 балл;
(TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде - 417;
TOEIC, шекті балл кемінде - 550;
Duolingo English Test (Дуолинго Ингиш тест), шекті балл кемінде - 80;
Неміс тілін меңгеру бойынша:
(DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) - В1 деңгейінен төмен емес;
(ТЙДИЭФ, ниво В1) - В1 деңгейінен төмен емес.
Француз тілін меңгеру бойынша:
(TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
(DELF) (ДЭЛФ) - В1 деңгейінен төмен емес;
(DALF) (ДАЛФ) - В1 деңгейінен төмен емес;
(TCF) (ТСФ) - В2 деңгейінен төмен емес;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе.
4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Құжаттарды тапсыру 20 маусым - 25 тамыз аралығында жүргізіледі.
Байланысу деректері: Қабылдау комиссиясы - 8 727 291 57 68; Call-орталығы - 8 727 221 85 14.