
  
Главная /
Объявления
11.06.2024 «Педагогика және психология» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді 
 2024 жылдың 21 маусымында сағат 12:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті педагогика және психология кафедрасының кеңейтілген отырысында Рапикова Сандугаш Ануарбековнаның «6D010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін жазған «Болашақ педагог-психологтардың психодиагностикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға дайындығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмысын талқылау өтеді. 
 Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн және онлайн форматта өткізіледі. Диссертация «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақ тілі. 
 ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Көшербаева Айгерим Нуралиевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Ayhan Ural - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Гази университеті (Анкара қ., Түркия). 
 РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Садыкова Назира Маргушовна - психология ғылымдарының кандидаты, жалпы және қолданбалы психология кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Абильмажинова Орынгуль Слямбековна - PhD, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан). 
 
 Конференция идентификаторы: 997 1638 1015 
 Код: 178571 
 Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Достық даңғ., 13, бас ғимарат (3-қабат, 320-кабинет).  |