қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
12.05.2023

Біліктілікті арттыру курстары


ERASMUS+ бағдарламасының 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP KAZDUAL - Қазақстанда дуальды жүйені енгізу жобасы аясында 2023 жылдың 12 мамыры мен 22 мамыры аралығында дуальды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, колледждердің, серіктес мектептер тәлімгерлерінің, серіктес ұйымдардың профессор-оқытушылар құрамы үшін төмендегі тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады:
- «Педагог кадрларды кәсіби даярлаудағы дуальды оқыту»;
- «Дуальды бағдарламаларды жобалау және әзірлеу»;
- «Стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу»;
- «Инновациялық білім беру технологиялары».


Курс соңында модульдерге толыққанды қатысқан тыңдаушыларға 72 сағат көлемінде халықаралық сертификаттар табысталады.


Ашылу күні: 2023 жылғы 12 мамыр


Басталуы: сағат 15.30-де

 

Өтетін орны: Бас оқу ғимаратаның кіші конференц-залы (202)


Байланысушы тұлға: Эразмус + бағдарламасы KazDual жобасының Ұлттық/институционалдық үйлестірушісі, постдокторант, PhD докторы Баян Сапаргалиева +77017326344

 

Ұйымдастырушылар: KAZDUAL жобасының командасы Оқытушылық шеберлік орталығы

 

Бағдарлама