қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
22.10.2018

Қала жастары сенбілікке жұмылдырылды


Ағымдағы жылдың 20 қазанында Алматы қаласы әкімідігінің ұйымдастыруымен жалпықалалық сенбілік өткізілді.


Сенбілік қаламыздың іргелі орындары Орталық мәдениет және демалыс саябағында, «Тіксай өзені», 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы, «Кіші Алматы өзені», «Достық» сквері, Қонаев және Қазыбек би көшелерінің аумақтарында жүргізілді.


Қаламыздың ЖОО-ның 10 000-нан астам білім алушылары Орталық мәдениет және демалыс саябағында тазалық жұмыстарына жұмылдырылды. Шара барысында университетіміздің 2000-нан астам студенті саябақты жапырақтар мен қоқыстан тазартты. Студенттердің игілікті ісінің арқасында бірнеше сағат ішінде саябақтың аумағы жаңарып, айнала тазарып, көркейе түсті.


Университет ректоры Такир Балықбаев және Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Шыңғыс Бескемпіров саябаққа алғашқы ағаш көшетін отырғызып, сенбілікке қатысқан барша жастарға алғысын білдірді.


Жалпы сенбілікке университетіміздің 3000-нан астам жастары мен профессор-оқытушылары қатысып, белсенділік танытты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты департаменті