АҚШ  ЗЕРТХАНАЛАРЫНДА  ЖАЗҒЫ  іс-тәжірибеден ӨТУ  ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛ
 
Академик Шахмардан Есенов атындағы  ғылыми-білім беру қоры ҚР азаматы болып табылатын және қазақстандық ЖОО-ның жаратылыстану, ғылыми және техникалық мамандықтарында оқитын 2 және 3-курс студенттеріне АҚШ зертханаларында ғылыми  іс-тәжірибеден өту грантына конкурс жариялайды.   
 
 
 
 Егерде сен:
 Қазақстандық ЖОО-ның 2, 3-курс студенті болсаң;
 Сенің мамандығың- жаратылыстану ғылымдары және техникалық болса немесе Nutrition/Food Studies and Public Health бағытына қатысы бар болса;
 Сен шетелдік үздік ЖОО-ның Ph.D. бағдарламасына түсуді армандасаң;
 Сенің ғылыми жобаларың  мен осы салада ерекше жетістіктерің болса;  
 Сен ғылыммен айналысуды қаласаң және оны дәлелдей алсаң; 
 Сенің Қазақстанда ғылымды дамытуға және жұмыс істеуге ынтаң болса,  
 
Сенде келесідей мүмкіндіктер бар:
 АҚШ-та жұмыс жасайтын  қазақстандық ғалымдардан сараптамалық қолдау алуға; 
 Түсуге қажетті дайындықтан және тренингтен өтуге;  
 Таңдаған машықтану бағдарламаларының біріне түсуге;  
 Грантқа ие болып, 2016 жылдың жазында АҚШ-қа машықтануға баруға. 
 
Бұл үшін қажетті іс-әрекет: 
 
 20.11.2015 ж. мерзіміне  дейін:
 
 Бағдарламаға қатысу өтінімін толтыру;
 Бізге келесі құжаттарды жібер:
- Жеке құжат көшірмесі;
- Сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессияларды қоса);
- Орта білім туралы  аттестатың және оның қосымшасының көшірмесі;
- Диплом, сертификаттар және ғылыми конкурстық жұмыстардың көшірмесі;
- «Маған Ph.D. дәрежесі  ...үшін керек» тақырыбында эссе;
-  ЖОО проректоры немесе ректорының кепілдемесі.
 
Өтінімді құжаттармен бірге Қор  кеңсесіне  жіберу  керек:
050040,  Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 36, «AFD» БО, 4-қабат
+ 7 727 349 40 04, + 7 727 349 40 05
info@yessenovfoundation.org, yessenovfoundation.org 
 
Төмендегі байланыс  телефондарына  хабарласып өтінімнің  қабылданғанына көз жеткіз:
Тел.: + 7 727 349 40 04, + 7 727 349 40 05