
Главная
Новости
26.12.2025
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін бір топ Абай университетінің оқытушы-профессорлар құрамына кәсіподақ ұйымының мекемелік марапаттары табыс етілді. Жыл қортындысы бойынша салалық кәсіподақ жұмысына елеулі еңбек сіңірген қызметкерлер төсбелгілер мен алғыс хаттарға ие болды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың кәсіподақ ұйымы – тарихы терең мекеме. Әрдайым мемлекеттік және ұлттық мейрамдарда өз мүшелеріне сый-сияпаттар табыстап, қолдау көрсетіп отырады. Осы орайда бүгін кәсіподақ қызметіне еңбек сіңірген біраз қызметкерін мерекемен құттықтап, оларға мекемелік марапат тапсырды. Салтанатты жиынды ашқан Кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Ибраимов белсенді оқытушы-профессорларға өз алғысын білдіріп, ізгі лебізін арнады. Одан кейін сөз алған Әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі проректор Мақсат Жақау ұжымға шығармашылық табыс тілеп, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, кәсіподақ жұмысының дамуына үлес қосқан азаматтарға төсбелгілер мен алғыс хаттар табыстады. Марапат иелерінің тізімін төменде жариялап отырмыз. «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен Иркитбаев Сакен Нуркайдарович – Жаратылыстану және география факультеті, география және экология кафедрасының аға оқытушысы; Камзабекова Шолпан Багаевна – Математика, физика және информатика факультетінің аға оқытушысы; Жаманкараев Советкажы Кусайнович – Өнер факультеті, Көркем білім кафедрасының профессоры; Канапьянова Раушан Хабдулмуталяповна – Өнер факультеті, Дизайн кафедрасы, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор. «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен Унербаева Зульфия Оралбайқызы – Жаратылыстану және география факультеті, Химия кафедрасы, педагогика ғылымдарының кандидаты, университет профессоры; Кауынбаева Эльмира – Жаратылыстану және география факультеті, Биология кафедрасы, Биология магистры, аға оқытушысы; Аманбекова Динара Мэлсовна – Жаратылыстану және география факультеті, Биология кафедрасы, Биология магистры, аға оқытушысы; Кансейтова Элеонора Жумабековна – Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы; «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен Халикова Кулира Заманбековна – Математика, физика және информатика факультетінің п.ғ.к., профессор. Абдреимова Кульмесхан Ауелхановна – Педагогика және психология факультеті, Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты; Сатова Акмарал Кулмагамбетовна – Педагогика және психология факультеті, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, Психология ғылымдарының докторы, профессор; Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Алғыс хатымен Жадраева Лариса Уштановна – қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының докторы; Кутелова Жаксылык Абдрешовна – Математика, физика және информатика факультеті, аға лаборанты; Даурамбекова Асия Абеновна – Педагогика және психология факультеті, «Арнайы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы; Кдырбаева Азатгуль Ахметовна – профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты; Меғдіғалиева Шолпан Әбдіқызы – Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің аға оқытушысы; Болатқызы Шынар – Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті, «Дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы; Какимова Лаура Шариповна – Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор м.а. Аденова Ляззат Жолдаспаевна – аға оқытушы, өнер магистрі, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Этнодизайн одағының мүшесі; Тойбаев Багат Шаймерденович – «Ұлағат» баспасының суретші-дизайнері; Жаменкеев Ерболат Кенжаканович – Физика кафедрасы, Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы; Тойбаев Багдат Шаймерденович – «Ұлағат» баспасының суретші-дизайнері; Таширов Сағыныш Дарубайулы – «Ұлағат» баспасының инженер-кесуші; Жұмағалиев Дәулетхан Нурсапиевич – «Ұлағат» баспасының инженер-бүктеушісі; Смагулова Жания Капановна – «Ұлағат» баспасының редакторы МАРАПАТТАЛДЫ.
Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз қызметі
|