қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
22.12.2025

 

УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІ «АБАЙ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

 

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілеп университет түлегі, «LTS KAZAKHSTAN» ЖШС директоры, отандық «TAZA» брендінің негізін қалаушы Арайлым Назарованы қабылдады.

 

Кездесу барысында университет ректоры Арайлым Назарованың ұлттық өнердің дамуына, жас ақындардың шығармашылығын қолдауға қосқан айрықша үлесін атап өтіп, білім ордасының ең жоғары марапаттарының бірі – «Абай» төсбелгісін табыстады.

 

Бұл марапат Сүйінбай Аронұлының 210 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және айтыстың ақтаңгері, Абай университетінің түлегі Оразалы Досбосыновтың 50 жылдық мерейтойына арналған «Қазақта қара сөзге дес бермедім» І республикалық жас ақындар айтысына, сондай-ақ Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар орталығының заманауи үлгіде қайта құрылып, ресми түрде ашылуына көрсеткен бас демеушілігі үшін берілді.

 

Айта кетейік, Арайлым Жалелқызы Назарова – Абай университетінің 2008–2012 жылдар аралығында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған түлегі. Бүгінде ол елімізде экологиялық өнім өндіруді дамытуға үлес қосып келе жатқан «TAZA» бренді арқылы танылған табысты кәсіпкер. Сондай-ақ, ол – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, шығармашыл жастардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған жобаларға жүйелі түрде қолдау білдіріп жүрген жан.

 

Абай университеті түлектерінің жетістіктерін әрдайым мақтан тұтады және олардың ел дамуына қосып жатқан үлесі оқу орнының абыройын арттыра берері сөзсіз.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз қызметі

 

  alt=  

  alt=  

  alt=