
Главная
Новости
15.12.2025
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Абай университетінде бүгін ел тарихындағы ең қастерлі де қасиетті мереке 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – Ел ұраны» атты салтанатты жиын өтті. Бұл шара университет қауымдастығы үшін тағылымы мол, рухани маңызы зор басқосу болды. Салтанатты жиынды ашқан университет Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп жұртшылықты халқымыздың еркіндікке ұмтылысының, бірлік пен ынтымақтың, жасампаз рухтың символы – Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, бұл күннің ел тарихындағы орны мен маңызына ерекше тоқталды. Соныменқатар, жылдағы дәстүр бойынша 2025 жылы атқарылған еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттарын жан-жақты саралап, академиялық қызмет пен білім беру әлеуеті, ғылыми зерттеулер мен инновациялар, халықаралық ынтымақтастық пен әлеуметтік қолдау саласындағы жетістіктер туралы есеп берді. – Өтіп бара жатқан жыл университетіміз үшін нәтижеге толы, ерекше табысты жыл болды. Басты мақсаттарымыз – сапалы білім беру, ғылыми әлеуетті нығайту, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жоғары оқу орнына айналу. Осы бағыттардың әрқайсысында ауқымды жұмыстар атқарылып, нақты көрсеткіштерге қол жеткізілді, – деген Болат Анапияұлы 2025 жылғы университет жетістіктері мен даму динамикасын сандық көрсеткіштермен «көзге көрсетіп, қолға ұстатып» берді. Бұл алынған асулар мен бағындырылған белестер университет ұжымының бекем бірлігі, тиянақты тірлігі деп бағалады. Сөзінің соңында жылы лебізін жеткізген университет басшысы мерекелік салтанатта оқу орнының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ қызметкерге министрлік және мекемелік марапаттарды табыс етті. Одан әрі салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік бағдарламада университеттің талантты студенттерінен құралған «A–Bluse band» тобы аспаптық ансамбль стилімен табиғи дауыста әуезді әндерімен көрерменді тәнті етті. «Қағанат» студенттік театры «Еркіндік жыры» атты поэтикалық композициясын ұсынып, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін көркем сөзбен жеткізді. Сонымен қатар, «Гәкку» бишілер тобы «Рух – Тұран» биін, Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар орталығының мүшесі, айтыскер ақын Айтуған Жетебаев «Тәуелсіздікке тағзым» арнауын, «AuenTribe» студенттік триосы «Сәлем саған, туған ел» әнін шырқады. Ал мәдениет және шығармашылық бөлімнің жетекші маманы Таңат Ақнұрдың орындауындағы тамаша ән әсем бишілердің көркем қимылдарымен астасып, жүректерге жол тапты. Концерттік бағдарламаны эстрада жұлдызы Бағлан Әбдірайымов түйіндеп, салтанатты жиын жоғарғы нотада қортындыланды. Тәуелсіздік күні мерекесінде марапатталған университет қызметкерлерінің тізімі төменде жарияланды Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен Мауленова Багдат Манатовна – Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – Бас бухгалтер Бидай Саяжан Жұмаділқызы – Материалдық бөлімнің басшысы Тулебаева Маусимжан Утепбергеновна – Материалдық бөлімнің аға бухгалтері Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғысымен Жумадилов Адиль Ермекович – Корпоративтік хатшы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Құрметті ардагер» төсбелгісімен Кожайбаева Айман Алпысбаевна – Ғылыми кітапхананың сарапшы-менеджер. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Айырықша еңбегі үшін» төсбелгісімен Байсалбаева Турсынкан Мухангалиевна – тарих ғылымдарының кандидаты, Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Иралина Мира Мустакимовна – Сауықтыру-спорт кафедрасының аға оқытушысы Найманов Бауржан Токтарович – Көркем білім кафедрасының аға оқытушысы Қыдырбекова Нұрлыкүл Тұрсынғалиевна – Кітап сақтау бөлімінің меңгерушісі Дуйсекова Жаксылык Кошимбековна – Іс жүргізу және мұрағат ісі қызметінің жетекшісінің орынбасары Умарова Элмира Арипджановна – Білім беру бағдарламаларын талдау департаментнің бас маман Атантаева Айжан Ахановна – Цифрландыру басқармасы, Өнімді басқару бөлімі, ИРБИС жүйесін дамыту менеджері. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Құрметті қызметкер» төсбелгісімен Жанбырбаев Адильбек Бегалиевич – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының аға оқытушысы Абикова Шарапат Базарбековна – Білім алушыларды есепке алу бөлімінің аға бухгалтері. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Үздік ұстаз» төсбелгісімен Қасен Ерлан Сламбекұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының университеттің қауымдастырылған профессор (доценті) Манапов Нурлан Турсымбекович – Химия кафедрасының аға оқытушысы Исаева Жаксыгул Ибадуллаевна – Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Үздік қызметкер» төсбелгісімен Абдикаримова Гаухар Абдикаликовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Биология кафедрасының университеттің қауымдастырылған профессоры (доцент) Сыздыков Серикбол Кусаинович – философия докторы (PhD), Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушы Құрмантаева Айман Жалғасбайқызы – Экономикалық мамандықтар кафедрасының аға оқытушы Айтмукушева Шарбан Майкеновна – «Ұлағат» баспасының бас редакторы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Абай» төсбелгісімен Кожашева Гульнар Оналбаевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Иватов Серик Кудайбергенович – философия докторы (PhD), Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Султанова Жанагуль Сердалиевна – философия докторы (PhD), Музыкалық білім және хореография кафедрасының аға оқытушысы Шарахымбаев Болат Жуминович – «Абай университеті» газетінің бас редакторы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Құрмет грамотасымен Мейрхан Сымбат – Қытай тілі және қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Жанасылов Талгат Абилболатович – Дизайн кафедрасының оқу шебері Таджибай Меруерт Мұратқызы – Мәдениет және шығармашылық бөлімінің басшысы Мусабекова Толганай Курбанқызы – Кадр саясаты басқармасының бас маманы Бекова Айна Сулеймановна – Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті, Студенттерге қызмет көрсету орталығы, жетекші маманы Акымбаева Айкерим Мейрамбековна – Тестілеу орталығының, тестілеуді сүйемелдеу және талдау бөлімінің жетекші маманы Қосаева Айгерім Берікқызы – Білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің жетекші маманы Тажикулов Арыстамбек – Қауіпсіздік қызметінің ғимарат бойынша кезекшісі Калиев Омирбек Аманбекович – Қауіпсіздік қызметінің ғимарат бойынша кезекшісі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Алғыс хатымен Смагулова Светлана Одеповна – тарих ғылымдарының докторы, «Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті Жанпейсова Кульбадан Амриевна – Гуманитарлық-жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушы Карибаев Жасулан Алдабергенович – Дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Касымов Нурлан Касымович – Әскери кафедра аға оқытушысы Дүйсен Сымбат Бақтиярқызы – Гуманитарлық-жаратылыстану пәндері кафедрасы оқытушы Набережнев Сергей Сергеевич – Халықаралық құқық кафедрасының оқытушы-эдвайзері Бәсен Жігер Төлеуұлы – Стратегия департаменті, Даму стратегиясын сүйемелдеу бөлімінің бастығы Джаймаханова Жанар Айдаровна – Хәкім Абай ұлттық тәрбие орталығының басшысы Есдаулетова Риза Оразбаевна – Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті, бас бухгалтердің орынбасары Тұрсынова Нағима Абижаппарқызы – Кадр саясаты басқармасының бас маманы Бокейханова Тогжан Нуржановна – Кадр саясаты басқармасының бас маманы Жаныбекова Райхан Дидаровна – Сатып алу басқармасының бас маманы Кайрканова Альмира Аликызы – Қойма меңгерушісі Рахымжан Рамиз Газизулы – Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің жетекші маманы Құдайбергенова Асылзат Мергенбайқызы – «Education management school» орталығының жетекші маманы Құдайберген Бағлан Қалмұханбетұлы – Сатып алу басқармасының жетекші маманы Махамбетова Дильназ Сериковна – Материалдық бөлімнің аға есепшісі м.а. Ешенов Ернұр Женисұлы – Тестілеу Орталғы, Тест тапсырмаларын қалыптастыру жөніндегі ғылыми әдістемелік зертхананың жетекші маманы Дәулеткерім Руслан Асқарұлы – Инфрақұрылымды дамыту департаментінің Техникалық қызмет көрсету бөлімінің желдету жүйесінің маманы Татишева Каракуз Ибраимовна – Іс жүргізу және мұрағат ісі қызметінің архивариусы Розыбакиева Румилям Керимджановна – Педагогика және психология факультетінің инженері МАРАПАТТАЛДЫ.
Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз қызметі
|