қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.09.2025

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТЕРМЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕГЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 

2025 жылдың 16 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен, Медеу аудандық полиция басқармасымен бірлесіп Филология факультетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

 

Шараға Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нагашбеков А.М. қатысып, жастарға құқықтық мәдениетті арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңінен түсіндірме жасады.


Әсіресе қала ішінде мопед пен самокатты пайдалану ережелері, жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары жан-жақты түсіндіріліп, студенттерге қоғамдық тәртіпті сақтау, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің құқықтары мен міндеттері туралы толыққанды ақпарат берілді.


Кездесу соңында студенттердің қойған сұрақтарына мамандар жан-жақты жауап беріп, заң талаптарын сақтау - әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен қоғам тұрақтылығының кепілі екені ерекше атап өтілді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=