![]()
11.09.2025 Есірткімен күрес: Алматыда спортшылар студенттермен кездесті Іс-шара аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтті.
Ал ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмалардың орындалуына серпін беріп, саналы әрі мықты ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады дейді. «Президент Жолдауында жастарға бағыт көрсетіп, оларға мүмкіншілік беру керек екенін айтты. Мамандық таңдау, елге, жерге қызмет ету мәселесін де тілге тиек етті. Соған байланысты болашағамыз жастарға кез келген істе табандылық пен төзімділік танытып, есірткіден аулақ болуға кеңес айтылды», - деді Медеу ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев. «Елдің болашағы - жастар. Аз да болса өмірден түйгеніміз бар, жетістікке жетіп, қиындықтарды бағындырып жатырмыз. Білгенімізді бөлісіп жатқан жайымыз бар», - деді кәсіпқой боксшы Қанат Ислам.
11.09.2025 Ақпарат көзі: almaty.tv
|