қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.09.2025

Білім алушыларға «Заң және тәртіп» тұжырымдамалары түсіндірілді


2025 жылдың 9 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 08 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерді талқылау мақсатында және «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында танымдық кездесу өтті.


Іс-шараны өткізу бастамасы Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасымен бірге ұйымдастырылған кездесуде, білім алушыларға ұлттық тәрбие, қоғамдық тәртіп, еңбек құндылықтары, адал азамат, талапты білім, сонымен қатар, жастарға есірткіні тұтыну, психотроптық заттардың заңсыз айналымы, заңнамалық жауапкершілік тағы сол сияқты қылмыстық және азаматтық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде кеңінен мәселелер талқыланды.


Танымдық кездесу барысында, қоғамдық дәріспен Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ізбаар Масақбаев, аудан прокурорының бөлім прокуроры Б.Умбетов, Алматы облыстық мәслихат депутаты, джиу-джитсудан қара белбеу иегері, грэпплингтен Азия чемпионы, «Сағадат Батыр» спорт клубының негізін қалаушы Нұрсұлтан Орынбасаров, кәсіпқой боксшы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы, Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам, кәсіпқой аралас жекпе-жек шебері, Naiza және Nomad лигасының чемпионы Жұман Жұмабеков, университеттің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов, Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының міндетін атқарушы Жасұлан Мұқашев қатысып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап берді.


Студенттер кездесуде сарапшы қонақтарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ерекше қызығушылық танытты. Әсіресе, жастар арасында үлкен қолдауға ие кәсіпқой боксшы Қанат Исламға қойылған сұрақтар көп болды.


Іс-шараның негізгі мақсаты - жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамда тыйым салынған есірткі, психотроптық және сол тектестердің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту, сондай-ақ саналы әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.

 

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=