![]()
02.09.2025 Абай атындағы ҚазҰПУ-ға шетелдік студенттер қабылданды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) халықаралық академиялық қауымдастыққа тағы да жаңа таланттарды қосты. Бұл оқу ордасына АҚШ-тан Эрнесто Галлего (Ernesto Gallego) және Франциядан Квентин Талуар (Quentin Talouarn) есімді студенттер қабылданды.
Студенттердің Қазақстанның білім беру жүйесіне, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген қызығушылығы оларды Орталық Азиядағы жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының біріне – Абай атындағы ҚазҰПУ-ға әкелді. Университеттің халықаралық беделі мен оқыту сапасы шетелдік жастарды тартудың маңызды факторы болып отыр.
Абай атындағы ҚазҰПУ шетелдік студенттер үшін тартымдылығын арттыра отырып, білім мен ғылым саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде. Университет шекарасыз білім беруді қолдай отырып, ғылым мен мәдениетті дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Біз жаңа студенттерімізге табысты оқу, жаңа білім алу және Қазақстанның бай мәдениетін танып-білуге сәттілік тілейміз! Абай атындағы ҚазҰПУ – шетелдік студенттер үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы!
|