қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.08.2025

ҚазҰПУ мен МПГУ арасындағы ынтымақтастық артты


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетіне (МПГУ), сондай-ақ Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығына (ЕАПУ) нәтижелі ынтымақтастығы үшін шынайы алғысын білдіреді.

 

ҚазҰПУ үшін Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының (ЕАПУ) жұмысына қатысу - үлкен мәртебе. Біздің университет қауымдастықтың тең құрылтайшысы бола отырып, ТМД елдерінің педагогикалық жоғары оқу орындарының Қоғамдық кеңесінде белсенді қызмет атқарып келеді. ЕАПУ шеңберінде педагогикалық кадрларды даярлау саласындағы стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының күш-жігерін біріктіретін бірегей алаң құрылғанына сенімдіміз.

 

ҚазҰПУ қауымдастық ұйымдастырған көптеген іс-шараларға белсене қатысып келеді. Университет Алматы қаласында өткен халықаралық форумдардың ұйымдастырушысы болды, сондай-ақ ЕАПУ өткізетін беделді байқаулардың жеңімпазы атанды. Бұл жетістіктер университеттің жоғары әлеуетін және ТМД елдерінің білім беру кеңістігін интеграциялауға елеулі үлес қосуға дайын екендігін айқын көрсетеді.

 

МПГУ және Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығымен (ЕАПУ) бірлесе жүзеге асырылған маңызды бастамалар қатарында:
• «Педагогикалық бастама» және «Оқытуды үйренеміз» атты жас оқытушыларға арналған халықаралық байқаулар;
• Үздіксіз педагогикалық білім беру және цифрландыру мәселелеріне арналған халықаралық форумдарды ұйымдастыру;
• ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына арналған біліктілікті арттыру бойынша желілік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
• ТМД халықтарының дәстүрлері мен тілдерін сақтау мен дамытуға ықпал ететін мәдени-ғылыми орталықтарды құру.

 

Болашақтағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында, МПГУ және ЕАПУ аясында келесі бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жүзеге асыру орынды деп санаймыз:
1. Педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері, соның ішінде цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне енгізу бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту;
2. Педагогикалық кадрлар мен инклюзивті білім беру саласындағы мамандарды даярлауға арналған бірлескен, қос дипломды білім беру бағдарламаларын - желілік магистратуралар мен қос дипломдық бағдарламаларды құру;
3. Жас оқытушылар кеңесінің жұмысын жандандыру, ҚазҰПУ-дың жас ғалымдарын қауымдастықтың халықаралық жазғы мектептеріне, байқауларына, конференцияларына және желілік бастамаларына тарту;
4. Инклюзивті білім беруді дамыту және ресурстық орталықтар құру бойынша тәжірибе алмасу.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ мен МПГУ арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі тереңдеуі педагогикалық білім беру саласындағы интеграциялық үдерістерді нығайтуға елеулі үлес қосатынына және біртұтас еуразиялық ғылыми-білім беру кеңістігін қалыптастыруға септігін тигізетініне кәміл сенеміз.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=