қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
22.08.2025

Абай университеті мен «Балдаурен» орталығы ынтымақтастық орнатты


2025 жылдың 22 тамызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қонаев қаласындағы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы өзара ынтымақтастық орнатты.

 

Құжатқа Абай университетінің академиялық қызмет жөніндегі бірінші проректоры Бану Нарбекова мен орталықтың басшысы Жарқынай Хаджимуханова қол қойды.

 

Меморандум аясында студенттердің кәсіби тәжірибеден өтуіне жағдай жасалып, ғылыми және академиялық жобаларды бірлесе жүзеге асыру, сондай-ақ түрлі форумдар мен мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл келісім жас мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіріп, тәжірибесін шыңдауға мүмкіндік береді.

 

Жаңа оқу жылы аясында университеттің 4-курс студенттері өндірістік тәжірибені Қонаев қаласындағы «Балдаурен» кешенінде өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

 

  alt=  

  alt=