қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
14.05.2025

«Цифрлық поэзия: әдебиеттанудағы жаңа үрдістер» семинары


2024-2026 жылдарға арналған ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын AP22685804 «Поэзияны оқытуға арналған цифрлық платформаның интеграциялық әлеуеті» атты «Жас ғалым» ғылыми жобасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы студенттеріне арналған семинар өтті. Семинарды жобаның жетекшісі, постдокторант Мадина Молдағали жүргізді, ғылыми кеңесші - ф.ғ.д., профессор Сәуле Әбішева.

 

«Цифрлық поэзия: әдебиеттанудағы жаңа үрдістер» атты семинар студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Шара барысында студенттер цифрлық поэзияның негіздерімен, шекараларымен, даму кезеңдерімен және құрылымдық ерекшеліктерімен танысты. Цифрлық өлеңдерді талдаудың заманауи әдістері ұсынылып, поэтикалық мәтінді цифрлық ортада қабылдаудың ерекшеліктері ашып көрсетілді.

 

Семинардың практикалық бөлігіне ерекше назар аударылды: студенттер цифрлық поэзия үлгілерін талдап, олардың пішіні, мазмұны және оқырманмен өзара әрекеттесу ерекшеліктерін талқылады. Студенттердің белсенділігі, тақырыпқа деген қызығушылығы және цифрлық технологиялар дәуіріндегі әдебиеттанудың болашағына терең ой жүгіртуі семинардың өзектілігін көрсетті.

 

Семинар жылы әрі шығармашылық атмосферада өтті және жобаның ғылыми идеяларын ілгерілету мен жастар арасында әдебиетті оқытудың цифрлық тәсілдерін насихаттауда маңызды кезең болды.

 

  alt=  

 

  alt=