қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
25.04.2025

«Алтын сақа» және «Жастар серпіні» студенттік апталығы аясында бамберболдан жарыс өтті


2025 жылдың 24 сәуірінде Жастар ісі жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен Студенттік ұйымдар күніне орай "Жастар серпіні" студенттік апталығы аясында бамбербол ойынынан жарыс өтті.

 

Аталған сайыс таза ауада өткізіліп, жастардың салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулықты сақтауға және спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

 

Университеттің студенттік ұйымдарының мүшелері командалық құрамда бақ сынап, ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін көрсетті.

 

Сондай-ақ, шараға шетелдік студенттеріміз де белсене қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жарыс нәтижесінде: І орын - «Серпін» командасы; ІІ орын - «Жігер» командасы; III орын - «Бірлік» командасы болды.

 

  alt=  

 

Жастар ісі жөніндегі бөлім