қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
17.04.2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс мұрагерлері» байқауы ұйымдастырылды


2025 жылдың 16 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен, қауымдастырылған профессор Гүлбахира Ширинбаеваның жетекшілігімен «Мейірім» еріктілер клубының идеологиялық бағыты бойынша Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс мұрагерлері» тақырыбында ерікті-студенттердің идеологиялық фотобайқауына қатысу кезеңі аяқталды.

 

«Жеңіс мұрагерлері» байқауы Алматы қаласының «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының ұйымдастырған «Жеңімпаздар балы-2025» жобасы аясында өтті. Конкурсты өткізу идеологиясы руханилықты сақтау және бейбіт өмір сүруге деген ұмтылыс негізінде 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында бейбітшілікті қорғағандардың барлығына құрмет көрсету мақсатымен байланысты.

 

Байқауға «6В01801-Әлеуметтік педагогика», «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «6В03111-Практикалық психологты даярлау», «6В02124-Полиграфия»  мамандықтарында оқитын 1-2 курс ерікті студенттері қатысты.

 

Байқау нәтижелері жастарға шабытпен, өз еліне деген мақтаныш сезімін береді, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің мұрагері ретінде ата-бабалар ерліктерінің маңыздылығын терең түсінуге көмектеседі. Айта кетейік, байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау 23.04.2025 жылы Алматы қаласындағы «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін Жеңістің 80 жылдық және ардагерлердің 100 жылдығына арналған «Жеңімпаздар балы-2025» салтанатты шарасы барысында өткізіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы