
  
Главная /
Объявления
24.09.2021 Хабарландыру 
 Университет бойынша педагогикалық цикл пәндері бөлімі (педагогика кафедрасы) Қазақстан Республикасындағы Мұғалімдер күні мерекесі аясында «Менің кәсіби таңдауым - XXI ғасыр педагогы» тақырыбында онлайн-флешмоб конкурсының басталғаны туралы хабарлайды. 
 Флешмобтың негізгі идеясы - студенттер арасында XXI ғасыр педагогы мамандығын таңдаудың оңтайлы имиджін қалыптастыру. 
 Әрбір қатысушы (топ) флешмоб тақырыбына және мазмұнына сәйкес бейнеролик ұсынады. 
 Флешмобқа Абай атындағы ҚазҰПУ-дың барлық педагогикалық мамандықтарының 2 курс студенттері, қалаулары бойынша басқа курстардың студенттері қатыса алады. 
 Бейнероликтер 2021 жылдың 27 қыркүйегінен 2 қазанына дейін келесі электрондық мекен-жай бойынша қабылданады: pedagogika406@mail.ru. 
 Қосымша ақпарат алу және басқа да қызықтыратын сұрақтар бойынша жауапты: Танатова Асель Джангазыевна Тел.8 777 277 41 06 E- mail: assel_tanatova@inbox.ru 
 
 
  |