
Главная
Новости
18.03.2025 Береке мен бірлік мейрамы 2025 жылдың 17 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасында «Күміс университет» тыңдаушыларына арналған «Береке мен бірлік мейрамы» атты іс-шара өтті.
Наурыз мерекесіне, соның ішінде 17 наурыз - Шаңырақ күніне және мұсылмандардың қасиетті ораза айына орайластырылған мерекелік шара қатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйлады.
Бағдарлама бойынша ораза мен наурыз туралы презентациялар, 4-курс студенттерінің қазақ және араб тілдерінде шырқалған әндері, викториналық ойындар зейнеткер жасындағы тыңдаушылардың көңілінен шығып, өз ризашылықтарын білдірді. Іс-шараға кафедра меңгерушісі Қарақат Дүйсенова қатысып, игі тілегін білдірді. Шара соңында тыңдаушылар мен студенттердің өзара қолдауымен кафедрада ауызашар берілді.
Игі істер бастамасы наурыз бойы жалғаса беретініне сенеміз.
|