Қызметкерлер, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар назарына!
Халық арасында COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны артуына байланысты коронавирус инфекциясының белгілері бойынша назарларыңызға ақпараттық жадынаманы  ұсынамыз. Ақпаратқа  ерекше назар аударып,  сақ болуларыңызды сұраймыз!
Коронавирустың негізгі белгілері:
-	дене температурасының жоғарлауы;
-	жөтел (құрғақ немесе аз қақырықты), мұрыннан су ағу;
-	тыныс алудың бұзылуы, ентігу;
-	кеуде қуысының тарылуы;
-	бас ауруы;
-	диарея;
-	жүрек айнуы;
-	жалпы әлсіздік;
-	бұлшықеттердегі ауырсыну;
-	иіс сезу қабілетінің жоғалуы, дәм сезу қабілетінің бұзылуы.
Инкубациялық кезең 2-14 күн
!!! Егер Сізде бұл белгілер болса:
-	үйде болыңыз, вирустың таралуын болдырмау үшін оқшауланыңыз;
- дәрігер көмегіне жүгініңіз;
-  коронавирусқа ПТР тестін тапсырыңыз.
 
Маңызды: ұқсас белгілер ЖРВИ немесе тұмаумен ауыратын науқастарда кездеседі. Егер  осы белгілерді өз бойыңызда байқасаңыз Сіз медициналық көмек алу үшін және коронавирусты болдырмау үшін дереу дәрігер кеңесіне жүгініңіз.
 
 
Ректорат