Абая атындағы ҚазҰПУ-дағы талапкерлерге арналған жеңілдіктер туралы ақпарат
 
Абай атындағы ҚазҰПУ талапкерлерге 2021-2022 оқу жылына төмендегідей жеңілдіктер ұсынады: 
✅ «Алтын белгі» иегеріне 50% жеңілдік, ол үшін ҰБТ нәтижесі 90 балдан кем болмауы керек;
✅ «Үздік аттестат» иегеріне 25% жеңілдік, ол үшін ҰБТ нәтижесі 90 балдан кем болмауы қажет; 
✅  Колледж бітіруші «Үздік» диплом иегеріне 25% жеңілдік; 
✅ «Абай сыйы» пәндік олимпиадасы жеңімпаздарына жеңілдіктер:
1 орын - 50%;
2 орын - 30%;
3 орын- 20%; 
ҰБТ-ның бейіндік пәндері мен олимпиадаға тапсыру пәні сәйкес келген жағдайда. 
✅ Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен жарыстардың «Ерекше жетістіктері үшін» 50% жеңілдік; 
✅ Көрші елдерден қоныс аударатын этникалық қазақтарға «Отандастар» жеңілдігі - 25%; 
✅ Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистратурасына және докторантурасына түсетін университетіміздің оқытушыларына, қызметкерлеріне  және түлектеріне  арналған «Abai University түлектері» жеңілдігі;
- Магистратураға түсуші түлектер үшін 20%;
- PhD докторантураға түсуші түлектер үшін 30%; 
✅ Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі бастауыш және орта білім беру мұғалімдеріне және оқытушыларына «Педагог» жеңілдігі - 30%.
✅ ҰБТ нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған түлектер үшін: 
- 110-124 балл - 25% жеңілдік; 
- 125-140 балл - 50% жеңілдік. 
✅ Шығармалары емтихан қорытындысы бойынша және ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлектер үшін: 
- 95-105 балл - 25% жеңілдік; 
- 106-125 балл - 50% жеңілдік.