қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.02.2025

Францияның Бас консулдығы өкілдерімен кездесу

 

2025 жылдың 11 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылары Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге мен Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығы өкілдерімен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында «Сорбонна» брендімен байланысты университеттермен (INALCO, Париж 1 Пантеон-Сорбонна университеті және т.б.) ынтымақтастықты дамыту жоспарлары қарастырылды. Сонымен қатар Пуатье университеті және басқа да серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, шет тілдерін оқыту әдістемесі орталығын (француз тілі) ашу ниеті де айтылды. Сондай-ақ, 2026 жылы өтетін «Жазғы мектепке» дайындық жұмыстары талқыланды.

 

Бұл сапар халықаралық білім мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, екі беделді оқу орнының байланысын нығайтып, ғылым мен білім саласының жан-жақты дамуына септігін тигізеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=