![]()
17.01.2025 Жаратылыстану және география факультетінің шетелдік студенттері «Д.Қонаев музей-үйінде» 2025 жылдың 15 қаңтарында «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы мен Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар мектебінің ұйымдастыруымен «Алматы музейлеріне саяхат» тәлімгерлік жобасы аясында Жаратылыстану және география факультетінің шетелдік студенттері Кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев атындағы «Д.Қонаев музей-үйін» тамашалауға барды.
Іс-шараның мақсаты - шетелдік студенттерге әсем қаламыз Алматының тарихын таныстыру, білім алушылардың мәдени әлеуетін күшейту, тұлғалық-азаматтық қасиеттерге тәрбиелеу мен рухани құндылықтарды және тарихи мұраны кеңінен насихаттау болып табылады.
«Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы |