![]()
02.12.2024 Студенттер мен әдіскерлерге арналған бірлескен оқу-әдістемелік семинары 2024 жылдың 25 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті биология кафедрасының әдіскерлері: Н.А.Бекенова, Г.А.Абдикаримова, Г.С.Камиева және «№178 мамандандырылған лицей» КММ биология пәні мұғалімі М.Т.Алипова бірлескен оқу-әдістемелік семинарын өткізді.
Семинар барысында М.Т.Алипова мектептегі жалпы жұмыстар туралы айтып, оқушылармен жүргізілетін іс-шараларды жасауға жаңа идеялар, бағыт-бағдар берді. Оқытушылар сондай-ақ кафедраның, мектептегі әдістемелік кабинеттің жағдайына тоқталып, жасалынған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар 3-курс «6В01522-Биология-География» студенттеріне педагогикалық практиканы өткізуге байланысты түсіндірме материалдары берілді. Оқу-әдістемелік семинар барысында студенттер ҚМЖ, бағалауға байланысты ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып пікір алмасты.
|