қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.12.2024

«Жастардың репродуктивті мінез-құлқының ерекшеліктері» профилактикалық дәрісі


2024 жылдың 29 қарашасында «Mental magic week» психологиялық апталық аясында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Жастардың репродуктивті мінез-құлқының ерекшеліктері» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті. Дәрісті репродуктивті денсаулық бойынша КМПА жаттықтырушысы, дәрігер-гинеколог, медицина ғылымдарының магистр Жанна Власова жүргізді. Дәрістің негізгі мақсаты - студенттердің репродуктивті мінез-құлқына саналы және жауапкершілікпен қарауына ықпал жасау және оларға репродуктивті денсаулықтың маңызы туралы ақпарат беру. Дәріске Абай университетінің 4 факультетінен 150-ге жуық студент қыздар қатысты.

 

Дәрісте репродуктивті денсаулықтың және оның әйелдер өміріндегі маңыздылығына қатысты негізгі түсініктер талданды. Оқытушы студенттерді жыныстық жолмен, инфекциялармен (ЖЖБИ) берілетін аурулар және ерте жүктіліктің салдарынан туындайтын психологиялық мәселелермен де кеңінен таныстырып өтті. Сондай-ақ, зиянды әдеттердің репродуктивті денсаулыққа кері әсерімен де бөлісті. Сонымен қатар, Жанна Власова әйелдер денсаулығына қатысты ауруларға ерекше назар аударуға шақырды және жүйелі түрде медициналық тексеруден өтудің маңыздылығын атап өтті.

 

Дәріс барысында ашық және қауіпсіз кеңістік қалыптасты, оның аясында студенттер репродуктивті денсаулыққа қатысты өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оқытушыдан оларға жан-жақты жауап ала алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі