
 
|  Главная 
Новости 
14.10.2024 Абай университетінің студенті әлем чемпионы атанды 
 2024 жылдың 6-14 қазаны аралығында Италияның Венеция-Езоло қаласында каратэ WKF спорт түрінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты U21 өтті. Бір апта бойы 200-ге жуық елден жиналған 2000-ға жуық спортшы ката және кумите бағдарламасында сынға түсті. Ұлттық құрама намысын 30 спортшы қорғап, спортшыларымыз елге барлығы 4 жүлдемен оралды. 
 Чемпионатта Абай университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Алихан Қадырғали 76 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Студентіміз осымен екінші мәрте әлем чемпионы атанып отыр. 
 Алиханды осы айтулы жеңісімен құттықтаймыз! 
 
 
 |