қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.09.2024

Алматы Ұстазы – 2024   

 

Алматы Ұстазы - 2024 конкурсы өз мәресіне жетті. Конкурс осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

 

Аталған конкурста Абай университетінің Тарих және құқық факультеті, әлем тарихы кафедрасының екі бірдей докторанттары - Ернұр Бейсембаев және Айбар Ермеккалиев жүлдегерлер тізімінен көрінді. Қала бойынша тарих пәні мұлімдерінің арасынан Ернұр Бейсембаев бас жүлде алса, Айбар Ермеккалиев 3-орын иеленді.

 

Конкурс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «Менің білім беру философиям» тақырыбында  мультимедиялық мақала жарияланып, әр пән бойынша үздік шыққан 10 мұғалім таңдап алынды. Екінші кезеңде осы 10 мұғалім ашық сабақ өтіп, өзара жүлделі орындарды бөлісті. Үшінші кезеңде әр пәннің жеңімпаздары шеберлік сабағын өтті. Бас жүлде қоры 5 млн теңге болса, үздік алғашқы жеті мұғалімге Сингапурға тағылымдама өтіп келуге жолдама берілді.

 

Қазылар алқасында ЖОО-ның білікті оқытушылары мен профессорлық құрамы  қатысушылардың жұмысын бағалады. Жыл сайын өтетін бұл байқау алып мегаполисіміздің ағартушылық - білім саласындағы брендіне айналды.

 

Білікті мұғалімдерімізді құттықтаймыз! Докторанттарымызға еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеніңіздің жемісін көре беріңіздер деп тілек білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=