
 
|  Главная 
Новости 
09.09.2024 Абай университетінің студенті Жұрқамырза Шүкірбеков Паралимпиада ойындарында үшінші орын иеленді 2024 жылдың 7 қыркүйегінде Парижде өткен Паралимпиада ойындарында дзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков қола жүлдені жеңіп алды. Қазақстандық спортшы пара дзюдодан J2 санатында 90+ келі салмақ дәрежесінде бақ сынасып, француз спортшысы Насер Зорганиді жеңді. 
 Жұрқамырза Шүкірбеков Абай университеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті. 
 Спортшымызды лайықты жеңісімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда тек қана сәттілік тілейміз! 
 
 
 
 |