қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.07.2024

Филология факультетінен 922 түлек қанат қақты


2024 жылдың 01-02 шілдесі аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультетінде «Ақ жол саған, жас түлек!» салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті.

 

Іс-шараға бітіруші түлектер, профессор-оқытушылар құрамы, қонақтар мен ата-аналар қатысты. Мерекелік іс-шара басында университет ректоры Болат Тілептің студенттерді құттықтау бейнесі көрсетілді. Онда оқу орны басшысы үлкен өмірге жолдама алып, қанат қаққалы тұрған түлектерді жас маман болған қуаныштарымен құттықтап, алдағы қадамдарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, университеттің цифрландыру жөніндегі проректоры Нуркен Мұсабаев және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов қатысып, студенттерге ақ лебізін білдірді.

 

1 шілдеде «Қазақ тілі теориясы және оқу әдістемесі», «Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шығыс филологиясы және аударма», «Практикалық ағылышын тілі» кафедраларының барлығы 586 студенттеріне және магистранттарына диплом табысталса, 2 шілдеде «Шетел тілдері» кафедрасының «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша 4 жылдық және 3 жылдық білім беру бойынша 336 студентке диплом берілді.

 

Қымбатты Абай университетінің бітіруші түлектері! 4 жыл бойы оқып, білім алған қара шаңырақ, білім ордасымен қоштасып, өмір атты үлкен мұхитқа өз кемелеріңізді салатын сәт туып отыр. Біздің ұстаздар берген білім, ұстаздар берген тәрбие сіздерді адастырмайды деп сенеміз. Сіздер келешекке қандай үміт-сеніммен қарасаңыздар, біз де сіздерден үлкен үміт күтеміз. Егеменді еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда. Сапарларыңыз сәтті болсын!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=