
  
Главная /
СМИ о нас
23.05.2024 Жошы ұлысының тарихы, мұрасы мен тағылымы: Алматыда ғылыми-тәжірибелік конференция өтті 
                  
 Алматыда «Жошы ұлысы: тарихы, мұрасы мен тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv. 
 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен халықаралық жиын ұлыстың 800 жылдығына арналған. Оның аясында отандық профессорлармен қатар, Түркия, Канада, Жапония сынды 5 елден келген ғалымдар бас қосты. Қатысушылар тарихқа қатысты соңғы зерттеулерін ортаға салып, ғылыми мәселелерді талқылады. 
 - Кеңес Одағында бұл тақырып көп зерттелмеген. Бірақ тәуелсіздіктен кейін Қазақстанда, Татарстанда, XX ғасырдан бастап Турцияда Жошы ұлысын тарихшылар айта бастады, - деді Анкара университетінің профессоры Абдулах Гюндоғду (Түркия). 
 
 23.05.2024 Ақпарат көзі: almaty.tv  |