қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
08.05.2024

 

 

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері!
Құрметті тыл еңбеккерлері!

 

Сіздерді еліміз үшін қасиетті де ұлы мереке 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Бұл күн - жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі - аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі.

 

Есімдері тарих бетінен мәңгі өшпейтін ержүрек аға буын-ардагерлер алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың қайсарлығы, табандылығы мен адалдығы жер бетінде бейбітшілік орнатып қана қоймай, өскелең ұрпақтың жарқын болашағына жол ашты. Бүгінде біз өз кезегімізде ардагерлердің қиын-қыстау кезеңде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығын үлгі тұтып, елге, қоғамға адал қызмет ету арқылы олардың мұрасын жалғастыруға міндеттіміз.

 

Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтау - азаматтық борышымыз. Осы орайда, Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қадірлі ардагерлерімізге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеймін!

 

Аспанымыз ашық, елімізде аман, заманымыз тыныш болсын!

 

 

Құрметпен, ректор Болат Тілеп