Абай атындағы ҚазҰПУ және AlmaU тәжірибе алмасты
2017 жылдың 22 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ  ректоры Такир Балықбаев  бастаған  делегация  Алматы Менеджмент университетіне сапармен барып қайтты. Кездесуге проректорлар, департаменттердің  және  институттардың  директорлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Сапардың мақсаты  AlmaU  университетінің   білім беру және ғылыми үдерістерін  бақылауды жүзеге асыратын тиісті  департамент өкілдерімен тәжірибе алмасу болды.
Сапар  университет кампусына саяхаттан басталды,  саяхат  барысында қонақтар нейромаркетинг зертханасын, симуляция бөлмесін,    шешендік өнер шеберханасын,  DesignLab зертханасын, MediaLab мультимедиялық журналистика орталығын, Кайдзен орталығын, CreativeZoneAlmaU, AlmaU инновациялық мұражайын  аралады.
AlmaU университетінің  ректоры және проректорлары  жоо-ны басқару , академиялық еркіндік  , университеттің даму стратегиясы, сондай-ақ оқу процесін басқару және ғылыми-зерттеу жоба негізіндегі тәсілді қолдану қағидаттары  жөнінде  сессиялық презентазиялар  өткізді. Қатысушылар Centre of Excellence біліктілікті жоғарлату орталығының, сондай-ақ мансапты  жоспарлау және  түлектермен  жұмыс жасау  орталығының  қызмет аясымен танысты.  Рекрутинг және  халықаралық ынтымақтастық  мәселелері  бойынша AlmaU  әріптестері  маркетинг пен коммуникацияларды және халықаралық дамуды басқару тәжірибесін ұсынды.
 
ҚазҰПУ делегациясының AlmaU университетіне  сапары бірлескен оқу және ғылыми жобаларды жүзеге асырудың маңызды қадамы  болып табылады.
  
 
  
 
 
  