қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
19.02.2024

«Балалар үшін қамқоршы» бағдарламасы

 

2024 жылдың 16 ақпанында «Мейірім» еріктілер клубының әлеуметтік-педагогикалық бағыты бойынша Облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының ерікті-студенттері Мерей Кошанай, Дүзбаева Нұрайым, Рахадова Акбота, Зиябек Таңшолпан қауымдастырылған профессор Гүлбахира Ширинбаеваның жетекшілігімен «Балалар үшін қамқоршы» еріктілердің репетиторлық бағдарламасы бойынша ойын-сабағы өткізілді.

 

Іс-шараның педагогикалық мақсаты - ойын қызметін ұйымдастыру арқылы сөйлеу қарым-қатынасына қажеттілігі бар балалардың сөйлеу айтылымын дамытуға бағытталған.

 

Мақсатқа жету үшін ерікті студенттер иллюстрациялық материал бойынша түсініктеме беру, әңгімелеу әдістерін қолдана отырып, дидактикалық ойын түрінде сабақ берді. «Бұл жерде не артық», «Суреттерді есте сақта» суреттері бар дидактикалық ойындардың көмегімен мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой және сөйлеу іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру бойынша бағдарламаның білім беру міндеттері іске асырылды.

 

Сабақтың соңында барлығы белсенділік пен сергектікті сақтау үшін бірге жаттығулар жасады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 


«Мейірім» еріктілер клубы