қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.06.2012

Пресс-релиз

 

Үстіміздегі жылдың маусым айында заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрғалиева Еңліктің ғылыми практикалық еңбегі - Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне түсініктеме жарық көрді (35 баспа бет). Бұл еңбек Қазақстандағы ең алғаш қазақ тілінде жазылған Еңбек кодексіне берілген ғылыми-тәжірибелік түсініктеме.

Еңбек кодексі, еңбек қатынастары және еңбек қатынастарымен тығыз байланысты қатынастардың келісім-шарттық реттеу мүмкіндіктерін кеңейтіп, оған қоса қызметкерлердің кейбір санаттарының еңбек жағдайларының өзгешелігін реттеп, еш күмәнсіз, нарық жағдайында өркениетті еңбек қатынастарының қалыптасуында жағымды рөл атқарады.

Еңбек кодексінің кейбір ережелерінің егжей-тегжейін түсіндіру, еңбек құқығының әлеуметтік серіктестік, ұжымдық шарттар, еңбекақы, материалдық жауапкершілік, еңбек даулары, еңбекті қорғау және басқа да әртүрлі институттары бойынша маңызды заңнамалық актілердің жоқ болуы жағдайында, оған қоса даулы сұрақтарға айқындылық енгізу мақсатында, заңнаманың 2012 жылдың 1 маусымдағы жағдайын ескере отырып, осы еңбекте Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің әрбір бабына түсініктеме қазақ тілінде берілді.

Түсініктеме ғалымдарға, студенттерге, тәжірибелі заңгерлерге, құқық шығармашылық және құқыққолданушы органдардың қызметкерлеріне, жұмыс берушілерге, қызметкерлерге және қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын құқықтық реттеу мәселелеріне қызығушылық танытатын барлық тұлғаларға арналады.

Осы түсініктемені сатып алам деушілер мына телефондарға қоңырау соғуына  болады:

Астана қаласы: 8(7172) 37-38-18 (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)

Ұялы телефон: 8(777) 308 7116 (автордың телефоны)