қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
23.02.2023

Воркшоп (workshop) «Менің ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім»

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ППИ Педагогика кафедрасы 2023 жылғы 22-23 ақпанда кафедра педагогтарының студенттермен жаңа форматта - Воркшоп (workshop) практикалық сабақтар өткізуінің тұсаукесер апталығын ашты.

 

Оқытудың бұл форматы «Менің ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім» жалпы университеттік іс - шараны - Воркшопты (workshop) іске асыру шеңберінде өткізіледі.

 

Воркшопты п.ғ.к., аға оқытушы А. Д. Танатова «Ұлттық тәрбие» пәні бойынша «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1 курс студенттерімен өткізді.

 

Ашық семинарларға «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к, профессор Колумбаева Ш.Ж., п.ғ.д., ас.профессор Саудабаева Г.С., п.ғ.к. Курсабаев М.Қ., педагогика магистрі Жанғазиева Т.А. қатысты.

 

Студенттер пәнді зерделеу шеңберінде патриотизм сезімін, азаматтық белсенділікті және ұлттық тәрбиенің мәнін түсінуді көрсету бойынша өзекті тақырыптарда жұртшылықпен (педагогтармен, студенттермен, өтіп бара жатқан адамдармен) сауалнама және сұхбат жүргізу түрінде әлеуметтік эксперименттер мен бейнероликтер жасауға қатысты.

 

Оқытудың жаңа форматы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, өз ұлтының ұлттық кодын сақтаудың маңыздылығын, ұлттық тәрбие моделінің мәнін саналы түрде түсінуге және этносаралық толеранттылықты дамытуға ықпал етеді.

 

«Менің ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім» воркшопы ашылды және оны Абай атындағы ҚазҰПУ-дың барлық институттарының студенттерінің қатысуымен 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін конкурс түрінде өткізу жоспарлануда.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=