қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
11.01.2023

Абай университетінде ХТМУ тәжірибе алмасты

 

2023 жылғы 9 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ-да өзара тәжірибе алмасу мақсатында Халықаралық туризм және меймандостық университеті делегациясы келді.


Іс-шара модераторы - Абай университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гүлжан Жарасова қонақтарды таныстырды.


Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков ХТМУ делегациясымен университеттің оқу үдерісіне қатысты жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, қонақтарға «Шапағат» студенттерге қызмет көрсету орталығы мен Тіркеу кеңсесінің жұмысы көрсетілді.


Кездесу барысында Абай университетінің қызметкерлері делегация құрамын университеттің басқа департаменттерінің қызметімен таныстырып, тәжірибе алмасты.

 

  alt=  

 

  alt=