қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.12.2022

Шығармашылық кездесу: Мұхтар Шахановқа 80 жас


2022 жылдың 30 қарашасында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған кездесу өтті.


Шара барысында М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Орда, ақын, философ, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанындағы «Жас қаламгер» бірлестігінің жетекшісі Мұратхан Шоқан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әдебиеттанушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институты Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Әлібек Байбол студенттердің сұрақтарына жауап беріп, Мұхтар Шахановтың поэтикалық әлемі туралы сөз қозғады. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды спикерлерге шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс хат табыстады.

 

  alt=  

 

  alt=