қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
11.08.2022

ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановпен кездесу

 

2022 жылдың 10 тамызында Абай атындағы ҚазҰПУ «Бірлік» студенттік ассамблеясының белсенділері ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановпен кездесті.

 

Кездесу барысында жұмыстың жаңа тәсілдері, ҚХА жастар жобаларын дамыту идеялары, волонтерлік және қайырымдылық саласындағы бастамалар, оңтүстік мегаполис университеттерінде ҚХА жастар ұйымының өкілдігін кеңейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ассамблея жастарының белсенді жұмысы мен жоба аясындағы жаңа мүмкіндіктерге тоқталды. «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері жұмысты бағалау және жастардың белсенділік рейтингін беру, жаңа медиа жобалар, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының белсенділігін арттыру, Алматыда Студент жастар форумын өткізу туралы ұсыныстарын айтты. Өз кезегінде жас белсенділер өздерінің «Гурмандары» және «ПоХАБАРим» медиа жобаларын әзірлегені үшін жоғары бағаланды.


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттік «Бірлік» Ассамблеясының белсенділері қатысқан кездесуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері: Республикалық дүнген этномәдени орталығының төрағасы З.Махусеев, Қазақстан Ұйғыр жастары одағының төрағасы Р.Кайрыев, Алматы қаласы бойынша «Ассамблея Жастары» РҚБ өкілдігінің төрайымы Торосян Анна, «Ариана» ауған орталығы жастар қанатының төрағасы Омар Мохаммедсаруар, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің жастар қанаттарының жетекшілері, мегаполистің студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысты.

 

  alt= 

  alt=