
  
Главная 
Новости
13.04.2022 «Қызықты физикалық эксперимент» конкурсы 
 2022 жылғы 12 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының «Физика» кафедрасының ұйымдастыруымен Ғылым күніне орай «Ғылым онкүндігі - 2022» іс-шарасы аясында «Қызықты физикалық эксперимент» конкурсы өткізілді. 
 
 Әділ-қазылар алқасы - МФИ институты директорының міндетін атқарушы Хамраев Ш.И.; институт директорының ғылым және халықаралық байланыс қызметі бойынша орынбасары Уалиев З.Г.; директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухашев Ж.Е.; «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары Сыдықова Ж.К., Сүгірбекова А.Қ.; «Физика» кафедрасының аға оқытушылары Тезекеев С.М., Насирова Д.М. 
 Конкурс модераторы - «Физика» кафедрасының қауым. профессоры Рыстыгулова В.Б. 
 Конкурсты ұйымдастырушылар - «Физика» кафедрасының оқытушылары Султанова К.Ж., Алиева М.Е., Джаксыгельдинова Э.А., Жексенбаева Г.А., Мырзатай М.М., Қамзабекова Ш.Б., Аққазиева Қ. 
 Конкурс нәтижесі бойынша І дәрежелі дипломмен ФЕК-203 тобының студенті Әкім Ұлпан; ІІ дәрежелі дипломмен ФЕК-201 тобының студенттері Батыр Абай, Жылгелдиева Айнур; ІІІ дәрежелі дипломмен ФОК-201 тобының студенті Бердимуратова Гулдана; ФЕК-215 тобының студенттері Назырқұлов Асылхан, Өмірзақұлы Ақжол; Алғыс хатпен ФОК - 211 тобының студенттері Алматқызы Дильназ бен Тоғман Нұрайна марапатталды. 
 Студенттер конкурс барысында өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, шеберліктерін, зеректіктерін көрсете білді. Конкурс жоғары деңгейде, тартысты, қызықты және көңілді өтті. 
 
 
 
  |