Главная /
СМИ о нас
06.04.2022 Алматы қаласының оқушылары арасында «Құқықтық мемлекет-жарқын болашақтың кепілі» эссе конкурсы өтті
2022 жылдың 5 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты Құқықтану кафедрасының Ғылым онкүндігі - 2022 аясында ұйымдастырылған, Алматы қаласы мектеп оқушылары арасында Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған «Құқықтық мемлекет-жарқын болашақтың кепілі» эссе конкурсын жариялаған болатын. Конкурстың мақсаты оқушылардың назарын адамның қадір-қасиетін, бостандығы мен құқықтарын қорғауға бағытталған іргелі құқық қағидаларын зерттеуге аудару болды.
Әділ қазылар алқасының шешімімін төмендегі мектеп оқушыларын марапатталады: Гран-при жеңімпазы: Алматы қаласы, №201 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы - Тұрсын Балжан марапатталады, жетекшісі - Маржан Төлековаға, 1-ші орын жеңімпазы - Алматы қаласы, №200 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Мыңбаева Арайлым марапатталады, жетекшісі - Төлегенқызы Айда, 2-ші орын жеңімпаздары - Алматы қаласы, №178 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы - Өмен Меруерт марапатталады, жетекшісі - Шынасыл Ғалымжан, №200 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы - Мұрат Жасмин марапатталады, жетекшісі - Төлегенқызы Айда, 3-ші орын жеңімпаздары - Алматы қаласы, №178 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы - Алиханова Аяжан марапатталады, жетекшісі - Шынасыл Ғалымжан, №200 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы - Кенгесбай Асия марапатталады, жетекшісі - Атанбаева Амангул, №200 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы -Қанатбек Гаухар марапатталады, жетекшісі - Дүйсебаева Ұлбазар.
Іс-шара «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Кошпенбетов Б.М., Казиева А. Н., Рахимова Г. Н. басшылығымен өтті.
|