Студенттер назарына!
Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен еріктілер қатарында қоғамдық пайдалы қызметпен айналысатын студенттер үшін  «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы іске асырылуда. Студенттің жобаға қатысуы 5 әлеуметтік салада (инклюзивті білім, репетиторлық ету, бабалардың бос уақытын ұйымдастыру,  девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс, қарттарға қамқорлық) әлеуметтік пайдалы қызметті жүзеге асыру арқылы жүргізіледі.  Жұмыстың жалпы саны 20 немесе 50 сағатқа таңдалған ваучерге байланысты.
 

 
 
Жобаға қатысуға ынталы студенттерді төмендегі телефондарға хабарласуларын сұраймыз: Әлеуметтік бөлім басшысы   Сарыбаев Мұра -  87077411959 немесе Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ділдабек Дидарбек - 87473049788.
 
 
Жастар ісі жөніндегі комитет