
 
|  Главная 
Новости 
10.02.2022 Педагогикалық қызметке жол 
 2022 жылдың 10 ақпанында Педагогика және психология институтында «5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» педагогикалық мамандықтарының 3 курс студенттеріне арналған «Өндірістік практика» тақырыбында офлайн конференция өтті. «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тануға арналған білім беру бағдарламалары. 
 Конференцияға онлайн режимде Алматы қаласының мемлекеттік білім беру мекемелерінің: бірқатар жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің өкілдері қатысты. Қонақтар студенттерге алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, іс-тәжірибеде адалдық пен жауапкершілікке шақырды. 
 Конференция спикері Каримова Разия өндірістік тәжірибенің өту барысы, студенттердің 12 апта ішінде толтыратын құжаттары, тапсырмалары, оқу орындарындағы тәртіп ережелері туралы айтып өтті. 
 Іс-шара соңында студенттер мен тәжірибе жетекшілері институттың Мансапты дамыту бөлімінің өкілдерінен сұрақтарға жауап алды. 
 
 
 |