қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
25.11.2021

Шетелдік шақырылған профессор - Жоғары экономика мектебінің ғалымы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында

 

2021 жылдың қараша және желтоқсан айларында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында филология ғылымдарының кандидаты, Жоғары экономика мектебі ғылыми-зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры (Мәскеу қ.) Екатерина Власова дәрістер оқып, семинар сабақтарын өткізеді.

 

Кафедра студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары ресейлік профессордың сабақтарына екі форматта - онлайн және офлайн қатысады.

 

Қазіргі заманғы филология мәселелерін терең талдау және зерттеудің жаңа тәсілдері - дәрістердің мұндай мазмұны барлық тыңдаушыларды қызықтырады. Орыс тілінің ұлттық корпусын білім беру және ғылыми мақсаттарда пайдалануға байланысты тақырыптар қызықты және пайдалы болып табылады.

 

Дәріскердің жоғары кәсібилігі мен әдістемелік шеберлігі студенттердің Екатерина Власовамен қарым-қатынасын, оқуға деген шығармашылық көзқарасын ынталандырады және шабыттандырады.