
 
|  Главная /
Объявления 
15.04.2019 «Руxани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел 
 17 сәуірде сағат 15:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық интститутының Саясаттану және әлеуметтік- философиялық пәндер кафедрасы «Руxани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. 
 Мақсаты -Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Жолдауын насихаттау, жас ұрпақты Отанын, туған жерін сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, отаншылдық сезімін ояту. 
 Ұйымдастырушылар: Тарих және құқық интститутының Саясаттану және әлеуметтік- философиялық пәндер кафедрасы. 
 Өтетін жері: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, Абай атындағы ҚазҰПУ, 509 аудитория. 
 |