
 
|  Главная /
Объявления 
07.03.2019 
 Құрметті жас талапкерлер! 
 2019 жылдың 25 ақпаны мен 19 наурызы аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚР білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Абай сыйы-2019» республикалық пәндік олимпиадасын өткізеді. Пәндік олимпиаданың мақсаты дарынды оқушыларды айқындау және қолдау, білімді насихаттау және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
 Республикалық олимпиада екі кезеңнен тұрады: Бірінші кезеңі - қашықтан білім беру технологиялары арқылы olymp.kaznpu.kz сайтында on-line тәртібімен ағымдағы жылдың 25 ақпаны мен 7 наурызы аралығында өтеді. Екінші кезеңі - «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 18-19 наурызы аралығында өтеді. 
 Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері. 
 «Абай сыйы-2019» республикалық пәндік олимпиадасы төмендегі пәндер бойынша өткізіледі: 1. Математика, Физика, Информатика; 2. Химия, Биология; 3. География; 4. Қазақтілі мен әдебиеті, Орыстілі мен әдебиеті, Ағылшын тілі; 5. Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы. 
 Екінші кезеңге өткен қатысушылар тізімі olymp.kaznpu.kz сайтына 8 наурыз күні ілінеді. 
 
 Өтетін орны: Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік батыс жағалауы, «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу - сауықтыру орталығы. 
 Анықтама тел.: 8(727)291-73-71, e-mail: talapker@kaznpu.kz, 87776843960, 87471984072, kapchagay-baldauren@mail.ru 
 
 
 |