қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.09.2021

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Абай университетінің оқытушылары тегін заң көмегін берді

 

2021 жылғы 28 қыркүйекте Тарих және құқық институтының құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Рахимова Гакку «Тәлім тв» арнасының «Маңызды мәселе» бағдарламасында «Сот шешімімен келіспеймін» тақырыбында тікелей эфирде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында сұхбаттасып, телекөрермендердің қордаланған сауалдарына жауап берді.

 

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заң көмегін беру жобасы ай сайын өз жалғасын тауып, «Құқықтану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы барлық құқық салалары бойынша тегін ақпарат беріп, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге көмектесетін игі іс болмақ.