қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.01.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ институттары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына арналған Қысқы мектеп

 

2021 жылы 11 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде кафедра меңгерушілері мен оқытушылар құрамына арналған «Қашықтан оқыту форматындағы педагогикалық білім» Қысқы мектебі өз жұмысын бастады.

 

Алғашқы сессияда университеттің проректорлары Асан Сәтмырзаев, Ақтолқын Күлсариева, Жанатбек Шпекбаев, Саябек Сахиев және Ғабит Дулатов қатысушыларды қашықтан оқыту тұрғысынан 2020/2021 оқу жылының екінші жартыжылдығында университеттің жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды.

 

Бұл семинарға институт директорлары мен директордың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты. Баяндамалар соңында университет жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу болды.

 

Екінші сессияда Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков және Білім беру бағдарламалары департаментінің директоры Адиля Байдильдина білім берудің мемлекеттік білім беру стандартына (2020 ж. 5 мамыр) және Университеттер қызметінің типтік ережелеріне (2020 ж. 18 мамыр) өзгерістер мен толықтырулар енгізу алгоритмі туралы ақпарат берді.

 

Тыңдаушылар - институт директорлары мен директордың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары - нормативтік құжаттардың өзгеруіне байланысты өзекті мәселелермен танысты, оларды жүзеге асыру жолдарын талқылады.