қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
23.11.2020

Чехиядан келген интерьер дизайнердің онлайн-дәрісі


2020 жылдың 21 қарашасында «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі және Туризм» мамандандықтары бойынша білім алатын студенттерге онлайн режимінде Жаратылыстану және география институтының оқытушысы Ел-Дана Суранчиеваның және оқу процессін басқару бөлімінің ұйымдастыруымен дәріс өткізілді. Дәріске арнайы Прагадан (Чехия) интерьер дизайнер Адема Қасымова қонақ ретінде қатысты. Онлайн-кездесуге 54 адам қосылды. Дәріс барысында қонағымыз өз жұмыстарымен бөлісіп, оның қызметінің ерекшеліктері, мейрамханалар мен қонақ үйлердің интерьер дизайны жайлы, шектеулер кезеңіндегі мейрамхана бизнесінің жағдайы туралы әңгімелеп берді, Хостелдің интерьер дизайнын жасаудағы баға жетпес тәжірибесімен бөлісті, студенттерге практикалық кеңестер берді. Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, өз қызығушылықтарын танытты. Кездесу 3 сағатқа созылды. Кездесу соңында студенттер өздерінің үлкен ризашылықтарын білдіріп, осындай дәрістер мен мастер-класстар жиі өткізілсе екен деген тілектерін білдірді.

 

   

 

 

«География экология және туризм» кафедрасы